Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС мәселелері бойынша еңбек ұжымдарымен кездесу өткізілді

МӘМС мәселелері бойынша еңбек ұжымдарымен кездесу өткізілді

Қызылорда облысының тұрғындарының көпшілігі өндіруші өнеркәсіп салаларында еңбек етеді. Бірқатар кәсіпорындарда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (әрі қарай – ӘМСҚ) облыстық филиалының мамандары еңбек ұжымдарымен кездесті.
ӘМСҚ-ның сарапшылары пациенттердің құқықтары мен мүмкіндіктері, азаматтардың жеңілдетілген санаттарының уақытша мәртебесін алуы, сақтандырылу мәртебесін тексеру тәсілдері, МӘМС аударымдары мен жарналарын төлеу тәртібі, қате төленген жарналарды, төлемдерді қайтару және МӘМС жүйесі туралы басқа да мәліметтер туралы толық ақпарат берді.
Сонымен қатар, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Мысалы, ұзақ демалыс кезінде сақтандыру мәртебесін жоғалтпау туралы. Атап өтілгендей, жұмыс беруші МӘМС жарналарын әр демалыс айына бөле отырып аударуы керек.
Көбіне қызметкерлер шетелдік азаматтарға медициналық қызметтердің қолжетімділігі мәселелеріне қызығушылық танытты. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі медициналық көмек пакеті ҚР азаматтарына, тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерге және ЕАЭО шартына қатысушы елдерден уақытша келетін шетелдіктерге-еңбекші көшіп – қонушыларға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне (жұбайлары мен балалары) берілетіні түсіндірілді.
Барлық қызметкерлер медициналық көмекпен қамтылуы тиіс, деп атап өтті мамандар. Ең бастысы - өз денсаулығыңыздың қоржынына уақытылы аудару.
25 сәуір 2024 ж. 225 0