Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ынтымақты елдің ырысы ортаймас

Ынтымақты елдің ырысы ортаймас

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Тарих тоғыстырған тағдырымыз – бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз – бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қара шаңырағымыз – Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз. Біздің мақсатымыз – айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру. Мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қорғауды Президент ретіндегі ең басты міндетім деп санаймын" – деді.

Шындығында тәуелсіз Қазақстанның кемел келешегі үшін бірлік пен біртұтастық бірінші кезекте тұруы қажет екені айқын құбылыс. 130-дан аса ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, бір шаңырақтың астына жұдырықтай жұмылдыра білген елімізде осынау бағалы құндылықтың бәсі қашаннан төмендеген емес. Біз мұны оқып, біліп, көріп жүрміз. Ел басына сын туған сәттердің талайында қаны бөлек болса да жаны қазақ деп тұратын ассамблея өкілдері бір адамдай атсалысып, қиындықты еңсеру жолында еселі еңбек етті.
Дәл қазіргі сәтте де біз соның куәсі болып отырмыз. Еліміздің бірнеше аймағындағы табиғат апаты салдарын арылып, қиындықты еңсеру үшін жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарға атсалысып, су тасқыны басталғаннан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы да ортақ істен шет қалмай, белсенді әрі үйлесімді түрде жұмыс істеп жатыр. Осының өзі Қазақстанның әрбір азаматы өзара жанашыр және тілеулес болудың айқын көрінісі екені айқын.
Біз алдағы уақытта да Презилентіміздің жан-жақты сараланған саясаты мен ҚХА-ның қолдауының нәтижесінде әлі талай белесті бағындырарымыз белгілі.
Нұралы Оспанов,
Арал аудандық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы.
25 сәуір 2024 ж. 309 0