Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп оқулықтары 100% цифрландырылды

Мектеп оқулықтары 100% цифрландырылды

Қазіргі уақытта мектеп оқулықтарын цифрлық форматқа көшіру процесі 100%-ға орындалды. Оқу материалдарының барлығы мемлекеттік сараптамадан сәтті өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтар елдің 13 баспасы ұсынған 11 платформада әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оқытудың инновациялық әдістерін енгізу үшін педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Мұғалімдер онлайн-ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын арттыра отырып, сабақтарда цифрлық технологияларды, онлайн-коммуникацияларды белсенді пайдаланады», деп атап өтті ведомствоның білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.

Министрліктің мәліметінше, робототехника, STEM, химия, физика, биология бойынша 1 мың 345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 20 өңірде 1 мың 072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталады деп жоспарланып отыр.

Фото: ашық дереккөз 
13 мамыр 2024 ж. 240 0