Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әділдік пен ашықтық дамуға бастайды

Әділдік пен ашықтық дамуға бастайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті бір Жолдауында «Құқық қорғау органдары қызмет¬кер¬лерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекс¬ке өзгерістер енгізу керек, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мер¬зімінен бұрын босату шарасы қол-данылмайды. Жемқорлықпен ұсталған¬дардың мемлекеттік қызметте және ква¬зимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керек. Біз сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдар¬ды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалып¬тас¬тыруымыз қажет», – деген болатын. Бұл аталған қоғам дертіне қарсы тұратын бірден бір механизм. Расында біз мұндай іске барған азаматтарды қатаң айыптауымыз және әділ әрі лайықты жазаға тартуымыз керек. Мемлекет дамуына нұқсан келтіретін және оған арланбайтын жандарға ешқандай билік берілмеуі керек. Бұл барша азаматтардың ұстанымына айналуы керек деп ойлаймын. «Береген қолым алаған» деп сұраншақтанған сұқ көздердің қай қоғамға болсын абырой әкелмесін терең ойлап, оған жол бермеу маңызды екенін ойлаған жөн. Қазір бұл індет қай салада болсын белең алған. Тіпті жас буынға білім мен тәрбие беру ісінде де өкінішке орай мұндай келеңсіздіктер кездесіп жатады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі – күрестің қуатты құралына айналуы тиіс. Сол кезде ғана саналы, әділ ойлап, дұрыс шешім қабылдай алатын азаматтар қатары көбейіп, қоғамның қай саласында да нақты көрсеткіштер мен тұрақты даму нәтиже береді деп ойлаймын.
Ш.ЖАНГҮШІКОВА,
№260 орта мектептің директоры
23 мамыр 2024 ж. 188 0