Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайластық орға жығады

Сыбайластық орға жығады

Қазақстан – көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті бір Жолдауында «Құқық қорғау органдары қызмет¬кер¬лерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекс¬ке өзгерістер енгізу керек, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мер¬зімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды. Жемқорлықпен ұсталған¬дардың мемлекеттік қызметте және ква¬зимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керек. Біз сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдар¬ды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалып¬тас¬тыруымыз қажет», – деген болатын. Бұл – қоғам дертіне қарсы тұратын бірден бір механизм.
Расында, біз мұндай іске барған азаматтарды қатаң айыптауымыз және әділ әрі лайықты жазаға тартуымыз керек. Мемлекет дамуына нұқсан келтіретін және оған арланбайтын жандарға ешқандай билік берілмеуі керек. Бұл барша азаматтардың ұстанымына айналуы керек деп ойлаймын.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі – күрестің қуатты құралына айналуы тиіс. Сол кезде ғана саналы, әділ ойлап, әділ шешім қабылдай алатын азаматтар айылын жияды деп білеміз.
Р.Әбдісұлтанұлы,
Атанши ауылдық округі әкімі аппаратаның бас маманы

Фото: kyzylorda-news.kz
29 қаңтар 2024 ж. 202 0