Балалардың қауіпсіздігі маңызды

- Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі - ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы. Сондай-ақ, терезеде уақытша бекіткіш торлардың болмауы мен москит торларының берік бекітілмеуі және балалардың терезенің алдында ойнауы тікелей себеп болып отыр. Сондықтан, құрметті тұрғындар, егер үйлеріңізде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмауларыңызды сұраймыз, - деді
Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Мұхтар Белсенбаев.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі