Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Парктер шеруі»-2024 республикалық табиғат қорғау акциясы тәмамдалды

«Парктер шеруі»-2024 республикалық табиғат қорғау акциясы тәмамдалды

Жастарымызды Жерін қадірлеп, табиғатын қорғай білуге баулу үшін, халқымыз табиғат қорғаудан хабардар болып, ат салысуы үшін елімізде «Парктер шеруі» акциясы жылма-жыл өткізілуде. Акция барысында көптеген іс-шаралар жүреді. Бұған республикамыздың барлық қорықтары, ұлттық парктері, қорғалымдар т.б. белсенді қатысады.
Біздің елімізде «Парктер шеруі» акциясы мектеп оқушылары мен жасөспірімдерді отансүйгіштік пен табиғатты аялауға баулуда, туған өлкесіне жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуде үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, жергілікті халық арасында табиғи ортаны ластамауға, дала және орман өрттерінің алдын алуға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында таптырмас құрал.
«Парктер шеруі» тұрғындарға не береді? Ең алдымен, бұл шара әр адамға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұлттық құндылық ретінде тануға және бұл аумақтарға қаржылай, іс-шараларға қатысу, еріктілік көмек арқылы өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
Осы жылы да аталған шаралар ауданымызда Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының бастауымен іске асырылды. Көптеген іс-шаралар барысында жергілікті тұрғындар мен жастар жылдағы табиғат мерейін асқақтату үшін ұйымдастырылатын «Парктер шеруі» республикалық табиғат қорғау акциясынан тыс қалмады. 2024 жылдың сәуір-маусым аралығында көгалдандыру және тазалық сақтау, ауданымызды аббаттандыру бойынша өзекті мәселелерді қамтитын жастар жобасын қорғау бойынша шаралар және «Қызғалдақ Фестивалі», «Жас экологтар» сайыстары және де түрлі тақырыптарда арнайы дәрістер, т.б. ұйымдастырылды. 
Сондай-ақ, аталмыш акцияға белсенді ат салысқан тұрғындар мен жастар, мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне алғыс айтамыз.
А. Кеңесбаев
Барсакелмес мемлекеттік
табиғи қорығы
13 маусым 2024 ж. 73 0