7-8 шілде күндеріне ауа райы болжамы жасалды

Күн жаңбырлы болады.
Қолайсыз ауа райына Новосібір аймағынан келе жатқан циклон себеп болады. Оның ықпалымен елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады.
Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында күндізгі ауа температурасы +20+28°C, оңтүстік-шығыста +25+33°C арасында сақталады.
Алайда республиканың батысы мен оңтүстігінде +33+40°С градус аптап ыстық болады.
Ақпарат көзі: egemen.kz