Бүгін кей өңірде бұршақ жауып, дауыл соғады
«Қазгидромет» синоптиктері 10 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандардың хабарлауынша, Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа қарай ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 17-22 метрге жетеді.
Алматыда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15 метрге жетеді.
Жетісу облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында секундына 23-28 метрге жетеді.
Болжамға сәйкес, Маңғыстау облысының орталығында да найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-42 градус қатты ыстық сақталады.
«Ақтөбе облысының солтүстігінде нөсер, бұршақ жауады, дауыл соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық сақталады», дейді синоптиктер.
Қостанай облысының батысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 метр болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды.
Сондай-ақ Қарағанды облысының шығысы мен оңтүстігінде де найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер, күндіз бұршақ жауады, дауыл соғады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 23 м/с болады.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады.
Түркістан облысының тауларында да найзағай ойнайтынын байқауға болады.
«Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ал Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі», деп қосты «Қазгидромет» мамандары.
Сурет: ашық дереккөз