Көкжөтел ауруынан сақтаныңыз !
Көкжөтел - адамдарға ғана тән жіті респираторлық, қоздырғышы ауа арқылы таралатын, тыныс мүшелерінің зақымдануымен, ұстамалы жөтелмен сипатталатын жұқпалы ауру.
Инфекция көзі көкжөтелмен ауыратын адам. Аурудың жасырын өту мерзімі 3 күннен 14 күнге дейін созылуы мүмкін, көбінесе 8-10 күн. Ауру жұқтыру қаупі жасырын өту кезеңінің соңғы күндерінен бастап қауіпті, ең қауіпті кезең тыныс жолдарының қабынып, ауру кілегей қабатынан бөлінді бөле бастаған сәті. Инфекция көзінің қауіптілігі аурудың 4-ші аптасына дейін созылады.
Ауру 4 кезеңнен тұрады: тыныс жолдарының катаральды қабыну кезеңі, ұстамалы жөтел кезеңі, аурудың беті қайту кезеңі және жазылу кезеңі. Катаральды кезеңде дене қызуы қалыпты, кейде дене қызуы аздап көтерілуі мүмкін, біртіндеп , әсіресе кешке қарай немесе түнде үдей түскен жөтел пайда болады, жөтел бірте-бірте жиілеп , күшейіп ақырында ұстамалы сипатқа ауысады. Жөтел жиі қайталанып, буыну сипатына ұқсай бастайды, буына жөтелу ұстамалары дем алған кезде ысқырық дыбыс шығарады, бұл дыбыстану қуысының тарылуынан болады. Көкжөтелге тән жағдай өзгеше ұстамалы ышқына жөтелу, оның соңы көбінесе құсумен немесе қою қақырық бөлінуімен аяқталады. Көздің коньюктивасына және тор қабығына қан құйылады.
Басылу кезеңі 2-3 аптаға созылады, басты ауру белгілері біртіндеп жоғала бастайды, бірақ жөтелу, әлсіздік, ашушаңдық белгілері ұзақ уақыт сақталады. Сілемейлі қақырық оңай бөлінетін жөтел болады. Жөтелу түнде азаяды, біртіндеп жойылады. Жедел респираторлық вирустық инфекциялар қосылса жөтел күшейіп қайталануы мүмкін.
Көкжөтел ауруына қарсы профилактикалық егу шарасын жасату арқылы қорғануға болады. Егу шарасы балаға 2, 3, 4 , 18 айлығында және 6 жасында жасалады. Балаңызға көкжөтелге қарсы егу шараларын мерзімді уақытында жасатып, аурудан дер кезінде қорғаңыз!
А.Сатекеева,
Арал аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы