Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Утиль алымға қатысты шешім қабылданды

Утиль алымға қатысты шешім қабылданды

«ҚР халқы утиль алымы және бастапқы тіркеуге қарсы» петицияға қатысты қорытынды жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Қоғамның қызу талқысында болған мәселені арнайы құрылған жұмыс тобы қарады. Бұл құрамда заңнамаға сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, өтініш беруші және оның өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер болды.

Жұмыс тобының отырыстарын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген. Онда Көкшетау, Алматы, Семей, Қостанай қалаларындағы машина жасау кәсіпорындарына бару болды, оған «КАМАЗ-Инжиниринг», «Kazrost Engineering Ltd.», «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы», «Hyundai Trans Almaty», «Hyundai Trans Kazakhstan», «СемАЗ», «Daewoo Bus Kazakhstan» зауыттары кірген.

«Петицияны қарау барысында оның авторы мен бастамашыл тобы қайта өңдеу төлемін енгізу бәсекелестіктің бұзылуына әкеліп соқтырғанын және соның салдарынан автокөліктердің, ауылшаруашылық техникалары мен арнайы техникалардың бағасының күрт өсуіне сондай-ақ автокөлік паркінің ескіруіне әкелді деген уәждерін айтты. Сондай-ақ петицияда «Жасыл Даму» АҚ утилизациялау жөніндегі міндеттемелерін орындамай, Экологиялық кодекс талаптарын бұзып отырғаны айтылған.

Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар өтiнiштiң дәлелдерiмен және оған келiп түскен ескертулермен келiспейтiнiн бiлдiрдi.

«ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі петицияны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады», делінген ведомство хабарламасында.

Петиция авторы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.

Сурет: egemen.kz
20 шілде 2024 ж. 118 0