Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық тұрмысын жақсарту үшін үкіметте жұмыс тобы құрылды

Халық тұрмысын жақсарту үшін үкіметте жұмыс тобы құрылды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен үкімет жанынан ел азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, көпбалалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты хабарлады.Жұмыс тобына премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев басшылық етеді. Жұмыс тобының құрамында "Нұр Отан" партиясының, әлеуметтік-экономикалық блок, инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ішкі істер министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар.
Жұмыс тобы екі ай ішінде президентке тапсырмаларын орындау бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет.
Комиссия жұмысына үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар мен халық өкілдері қатысады.
07 ақпан 2019 ж. 1 570 0