Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенімге қиянат жасаған

Сенімге қиянат жасаған

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен айыпталған С-ның қылмыстық ісі қаралып, айыптау үкімі шығарылды.
Сотта анықталғандай, С. жәбірленуші К-ның сеніміне кіріп, арзан бағада «Borjomi» минералды суын алып беремін деп алдап, 2 057 500 теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алып, оны өзінің жеке бас пайдасына жаратып, жәбірленушіге материалдық зиян келтірген.
Сотталушының қылмыстық әрекеті іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес, бұл қылмыстық әрекет онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады.
Сот үкімімен С. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеусіз 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген. Сондай-ақ, қылмыспен келтірілген шығын жәбірленушінің пайдасына өндірілген.
Үкім заңды күшіне енбеген.

Арал аудандық соты
22 шілде 2024 ж. 112 0