Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды

Ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1)тармағымен айыпталған Н-ның қылмыстық ісі қаралып, айыптау үкімі шығарылды.
Сотталушы Н. сот үкімімен төмендегідей қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылған. Атап айтқанда ол, бұрын бірнеше рет алаяқтық қылмысы үшін сотты болып, бас бостандығынан шектеу жазасында жүріп, ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін алдау жолымен иемденіп, алаяқтық жасап, қылмыстық іс-әрекеттері нәтижесінде жәбірленуші Т.-ға қайтарымсыз несие алып беремін, жеңілдікпен ипотекаға пәтер алуға көмектесемін, арендалық тұрғын үйге кезегін жылжытып беремін, жоғарғы оқу орнынан диплом алып беремін деп 4 465 000 теңге, жәбірленуші С.-ға жер алып беруге көмектесемін деп 250 000 теңге шығын келтірген.
Сотталушының қылмыстық әрекеті өзінің әркелкі жауаптарымен, сондай-ақ, жәбірленушілер мен куәлардың жауаптарымен, аудиожазбалармен, аударым түбіртектерімен және іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес бұл қылмыстық әрекеттер ауыр қылмыстар санатына жатады.
Сот үкімімен Н. ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1) тармағымен кінәлі деп танылып, түпкілікті 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыспен келтірілген шығындар жәбірленушілер пайдасына өндірілген.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Арал аудандық соты
13 наурыз 2024 ж. 231 0