Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмыс жазасыз қалмайды

Қылмыс жазасыз қалмайды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3) тармағымен айыпталған А-ның қылмыстық ісі қаралып, айыптау үкімі шығарылды.
Сотталушы А. сот үкімімен төмендегідей қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылған. Атап айтқанда, А. осы жылдың қазан айының 6-ы күні танысы  Ө-нің үйіне барған уақытта, тұрғын үй есігінде құлып тұрғанын көріп, тұрғын үйге есігін бұзып ашу арқылы заңсыз кіріп, ас бөлмесінде тұрған тұрмыстық заттарын жасырын жымқырып, жәбірленушіге мүліктік залал келтірген.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес, бұл қылмыстық әрекет ауыр қылмыстар санатына жатады.
Сотталушының қылмыстық әрекеті кінәсін мойындаған жауабымен, жәбірленушінің жауаптарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.
Сот үкімімен А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3)-тармағымен кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.
Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларға сот оның кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне шын ниетпен өкінуін, жәбірленушінің кешірімін, сондай-ақ келтірілген мүліктік  шығынның  қалпына келтірілгенін жатқызған.
Айта кету керек, жыл басынан бері аудандық сотпен ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру қылмыстары бойынша 7 адамға қатысты айыптау үкімдері шығарылып, қылмыстық жаза түрлері белгіленген.
Арал аудандық соты
27 қараша 2023 ж. 421 0