Қылмыс жазасыз қалмайды

Мәселен, Арал аудандық сотында өзгенің мүлкін қоймаға заңсыз кіру арқылы жасырын жымқырып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3)-тармағымен айыпталған К-ның қылмыстық ісі қаралды.
Сотталушы К. ағымдағы жылдың 28 наурызы күні, түскі мезгілде, азаматша Н-ның сарайына құлпын бұзу арқылы заңсыз кіріп, сарай ішінен тұрмыстық заттарын жасырын ұрлап, жәбірленушіге 18 000 теңге мүліктік шығын келтірген. Қылмыстық заңнамаға сәйкес, бұл қылмыстық әрекет ауыр қылмыстар санатына жатады.
Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3)-тармағымен кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі