Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыр қылмыс үшін ауыр жаза

Ауыр қылмыс үшін ауыр жаза

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігінің 1)-тармағымен мал ұрлығы дерегі бойынша айыпталған К., С. және М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, бұрын ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталған К. өзіне тиісті қорытынды жасамай, С. және М.-мен алдын ала сөз байласу арқылы, адамдар тобымен жайылымда жүрген бөтеннің малын ірі мөлшерде, бірнеше рет жасырын жымқырып, нәтижесінде 11 жәбірленушіге материалдық залал келтірілген.
Сотталушылардың қылмыстық әрекеттері өздерінің айыбын мойындаған жауаптарымен, сондай-ақ, жәбірленушілер мен куәлардың жауаптарымен, беттестіру және оқиға болған жерді нақтылау хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес бұл қылмыстық әрекеттер ауыр қылмыстар санатына жатады.
Сот үкімімен К. ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 3-бөлігінің 1)-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеусіз, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бұрынғы үкіммен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі ішінара қосылып, оған түпкілікті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Cотталушылар С. мен М. ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 3-бөлігінің 1)-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеусіз, біріншісіне 6 жыл, ал, екіншісіне 5 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалған. Сотталушыларға жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген.
Қылмыспен келтірілген мүліктік шығындар жәбірленушілер пайдасына өндірілген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
19 желтоқсан 2022 ж. 514 0