Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал ұрлаушылар жазасын алды

Мал ұрлаушылар жазасын алды

Арал аудандық сотында Д-ға қатысты ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі арқылы 189-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағымен, 188-1-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағымен, К-ға қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігімен, 189-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағымен, 188-1-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағымен, Б-ға қатысты ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағымен, 188-1-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағымен айыпталған қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, сотталушылар  сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен талан-таражға салып, жымқырған, сондай-ақ бөтеннің малын жасырын жымқыру қылмыстарын бірнеше мәрте жасаған. Нәтижесінде қылмыстық әрекеттер салдарынан жалпы жәбірленушілерге 5 850 000 теңге мүліктік шығын келтірілген.
Сотталушылар басты сот талқылауында өз кінәларын ішінара мойындап, жасаған әрекеттеріне шын өкінетіндерін, келген залалды ішінара жәбірленушілерге қайтарғандығын көрсеткен.
Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың жауаптарымен, беттестіру хаттамаларымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен және басқа да іс-құжаттарымен дәлелденген.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес бұл қылмыстық әрекеттер ауыр қылмыстар санатына жатады.
Прокурор сот жарыссөзі кезінде сотталушы Д-ны ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі арқылы 189-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағында көзделген әрекеті бойынша жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сай жауаптылықтан босатуды, ҚК-нің 188-1-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағы бойынша айыптауды қолдап 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды, сотталушы К-ның ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігінде көзделген әрекеті бойынша ескіру мерзімінің өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды, ҚК-нің 58-бабының 1-бөлігінің негізінде онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы, түпкілікті К. мен Б-ны 6 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.  
Ал, қорғаушылары К. мен Б-ға бас бостандықтарынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраса, Д-ның қорғаушысы қорғалушысын ақтауды сұраған.
Сот үкімімен сотталушы Д. ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 2-бөлігі 1)-тармағымен кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеусіз 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушы К. ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі 1)-тармағымен, ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағымен кінәлі деп танылып, қылмыстардың жиынтығы бойынша, ҚР ҚК-нің 58-бабының 1-бөлігінің негізінде, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті мүлкін тәркілеусіз, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушы Б. ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 3-бөлігі 1)-тармағымен кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеусіз 5жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушылар Д. мен Б. ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағында көзделген әрекеттері бойынша ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде жәбірленушімен татуласуына байланысты, сотталушы К. ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігінде көзделген әрекеті бойынша ескіру мерзімінің өтуiне байланысты жауаптылықтан босатылған.
Сотталушыларға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі 
26 сәуір 2022 ж. 669 0