Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал аудандық сотында қылмыстық істер тараптардың татуласуы бойынша тоқтатылды

Арал аудандық сотында қылмыстық істер тараптардың татуласуы бойынша тоқтатылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 1-бөлігінің  1) тармағымен айыпталған Е. мен Т-ға қатысты екі  қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушылар балық ресурстарын аулауға арнайы рұқсат қағазын алмастан, Кіші Арал теңізінің №8 учаскесінде заңсыз балық аулап, қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтірген.
Істерді қарау барысында, сотталушылар кінәларын мойындап, мемлекетке келтірген зиянды толығымен өтегендерін, жасаған әрекеттеріне шынайы өкінетіндерін көрсеткен.
Сондай-ақ, сотта жәбірленуші өкілі С. сотталушылардың келтірген шығынды толық өтегенін, оларға кешірім бергендерін көрсетіп, қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 68-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықпен қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірілген жағдайларда, осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам, егер ол шынайы өкінсе және қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Осының негізінде сотталушылар Қылмыстық кодексінің 68-бабының 3-бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, істер өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі.
20 қазан 2020 ж. 575 0