Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кредит алмас бұрын нені білу қажет?

Кредит алмас бұрын нені білу қажет?

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мамандары несие алмас бұрын бірнеше пайдалы кеңеске құлақ түрген жөн екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біріншіден, қаржылық мүмкіндіктеріңізді талдаңыз

Банкке барар алдында егжей-тегжейлі қаржылық жоспар жасаңыз. Барлық шығыстар мен кірістерді, сондай-ақ тәуекелдерді ескеру қажет, мысалы, ауырып қалу немесе басқа себептерден жұмысынан айырылу.

Шектеулерді есте сақтаңыз: заң бойынша сіз кредиттер бойынша кірісіңіздің жартысынан көбін төлей алмайсыз.

Екіншіден, кредит бойынша талаптарды мұқият зерделеңіз

Кредиттерді әр түрлі банктер ұсынады, олардың талаптары – мерзімдері мен мөлшерлемелері ерекшеленуі мүмкін. Оларды салыстырып, ең қолайлысын таңдау қажет. Бұл қарапайым жағдай – банктің мобильді қосымшасы арқылы өтініш беріп, олардың талаптарын зерделеу жеткілікті.

Кредит бермес бұрын банк кредит туралы барлық негізгі ақпаратты қамтитын титул парағын ұсынуы керек. Банктердің бірнеше филиалына хабарласып, бірнеше титул парағын жинап, содан кейін ең қолайлы талаптарды таңдауға болады.

Осыдан кейін менеджерге барлық қажетті нақтылаушы сұрақтарды қойыңыз: қарыз сомасы, төлем мерзімімен мөлшері, комиссиялар, барлық пайыздармен төлемдер бар кредиттің толық құны, артық төлем мөлшері, төлем мерзімі кешіктірілген жағдайда оның салдары, тараптардың құқықтарымен міндеттері туралы. Банктер кредиттің талаптары туралы толық ақпаратты ашуға міндетті.

Есіңізде болсын, банктік қарызшартына қол қою арқылы сіз оның барлық талаптарымен автоматты түрде келісесіз.

Кредитті ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар ресми кредиторлардан ғана ресімдеуге болатындығын ұмытпаңыз.

Үшіншіден, берешекті уақытылы төлеңіз


Күтпеген жағдайларды болдырмау үшін кредитті төлем күнінен 5-7 жұмыскүні бұрын төлеу ұсынылады.

Мерзімінен бұрын өтеу ақшаны үнемдейді, өйткені банк клиенттері қарыз қаражатын пайдалану уақыты үшін төлейді. Кредитті мерзімінен бұрын төлеген кезде операцияның сәтті өткеніне көз жеткізіңіз. Осыдан кейін банктен растайтын анықтама алыңыз.

Төртіншіден, жауапкершіліктен қашпаңыз

Егер ай сайынғы төлемді мерзімінде жабу мүмкін болмаса және төлем мерзімі өтіп кетсе, кредитордан жасырынбау қажет. 2021жылғы 1қазаннан бастап Қазақстанда қарыз алушы – жеке тұлғалардың проблемалық берешегін реттеудің бірыңғай құқықтық режимі қолданылады.

Есіңізде болсын, банк сіздің өз міндеттемелеріңізді орындауға мүдделі болады және клиент үшін қолайлы жағдайларды таңдауға тырысады.


Сурет: ашық дереккөз 
26 шілде 2024 ж. 114 0