Қызылорда облысында сирек кездесетін жыртқыш аң – қара құлақты қаскөйлер атып тастаған

Видео Instagram-да тарады.
«Бұл сирек кездесетін жыртқыш сүтқоректілер санатына жатады. Жануар жойылып кету алдында тұр. Қара құлақтың тағы бір атауы – дала сілеусіні», делінген жазбада.
Бұл жайт желі қолданушыларының басым бөлігінің ашуын туғызды.
Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін өңірдің ПД баспасөз қызметіне жүгінді. Полицияның айтуынша, қазір бұл факт бойынша тексеру жүргізілуде.
Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Сурет: kaz.zakon.kz