Хайуанаттар бағында әлемде сирек кездесетін жолбарысты атып тастады
Флорида штатында сирек кездесетін малай жолбарысы аң авиациялық тазартқышқа шабуыл жасағаннан кейін атылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы хайуанаттар бағының әкімшілігі өзінің Facebook парақшасында жариялады.
Ақпаратта 26 жастағы қызметкер оған тыйым салынған аймаққа, яғни жолбарыстың қоршауына кіргені айтылған. Жыртқыш ер адамға шабуыл жасады. Оқиға орнына шериф келіп жетті.
«Адамның өмірін сақтап қалу үшін жануарды атып тастаудан басқа амал қалмады», деп түсіндірді хайуанаттар бағының әкімшілігі.
Нәтижесінде, Эко атты сегіз жасар жолбарыс атылды.
Айта кетсек, жер бетінде 200-дей ғана малай жолбарысы қалған.
egemen.kz