Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Өлім аузынан қалдым": Ит иесін жолбарыстан құтқарып қалды

"Өлім аузынан қалдым": Ит иесін жолбарыстан құтқарып қалды

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында ит иесін жолбарыстан құтқарып қалды

1 маусымда 22 жастағы Панчам Гаджбе ағасы және итімен бірге орманнан келе жатқан. Кенеттен олардың алдынан жолбарыс атып шығыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Gulf News басылымына сілтеме жасап. 
Жыртқыш Гаджбеге шабуыл жасап, оның басы мен қолын жарақаттапты. Осы кезде иті үріп, жолбарыс соған назар аударған. Оңтайлы сәтті пайдаланған Гаджбенің ағасы ауылға қарай жүгіре жөнеліпті.
Артынша ауыл тұрғындары қарумен көмекке келді. Олар келгенше Гаджбенің жанында болған ит үруін тоқтатпаған. Ал тұрғындардың шуын естіген жыртқыш қашып кетіпті. 
«Өлім аузынан қалдым. Жолбарыс үстімде тұрды. Ол менің мойныма жеткенше, ит үре бастады. Осы жағдай жолбарысты кейін шегініп, біраз уақыт орнында тұрып қалуына септігін тигізді», - дейді ер адам. 
Оқиғадан кейін Гаджбе ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
http://stan.kz
06 маусым 2019 ж. 981 0