Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аман алып қалуын сұрап жылаған: Велосипедпен балапанды қағып кеткен бала оны ауруханаға алып барған

Аман алып қалуын сұрап жылаған: Велосипедпен балапанды қағып кеткен бала оны ауруханаға алып барған

Желіде қатты қАман алып қалуын сұрап жылаған: Велосипедпен балапанды қағып кеткен бала оны ауруханаға алып барғанорқып, мұңайып тұрған 6 жасар Дерек Лалханхимнің суреті тарап кетті. Белгілі болғандай, Үндістанның Мизорама қаласында тұратын бала балапанды велосипедімен қағып кетіп, артынша оны ауруханаға алып барған. Оның оқиғасы жұрттың жүрегін елжіретті. 

Куәгерлердің сөзінше, бала үйінің ауласында велосипед теуіп жүрген. Бір кезде алдынан балапан шыға келіп, Дерек аңдаусызда оны қағып кетеді. Жерде жатқан балапанды көріп, қатты қорыққан бала оны қолына ала салып, жақын жердегі ауруханаға жүгірген. Ол жерде дәрігерлерге қалтасындағы 10 рупийді (50 теңгеден аса) ұсынып, жылап тұрып балапанды аман алып қалуын сұрапты, деп хабарлайды Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Артынша ата-анасы Дерекке балапанның оқиға орнында өліп қалғанын, дәрігерлердің оны құтқара алмайтынын түсіндіреді. 
Аз уақыт ішінде осы оқиға туралы қауесет қалада тарап кетіп, бұл жайында құлағдар болған мектеп әкімшілігі Дерекке мейірімділігі мен адамгершілігі үшін мақтау қағазын табыстауды ұйғарыпты.

Ал желі қолданушылары аталған шешімді қолдай кетті. 
«Жүрегі таза екен. Оның әрекеттері шынайы әрі арам ойсыз. Сені Құдай қолдасын, Дерек!», «Оған қарап адамгершіліктің әлі де бар екенін түсінесің... Балақай бір әрекетімен бәрімізге үлгі болды», «Үлкен жүректі кішкентай бала», - деп жазды пікір қалдырушылар. 
stan.kz
09 сәуір 2019 ж. 1 595 0