Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Израиль Сирияға шабуыл жасады

Израиль Сирияға шабуыл жасады

Израиль Дамаск маңында әуе шабуылын бастады. Әуе шабуылына қарсы қорғаныш жүйесі зымырандардың көп бөлігін атып түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сирияның SANA агенттігінің хабарлауынша, шабуыл жергілікті уақыт бойынша 01.26-да Сирия астанасының оңтүстік-шығысында жасалған.
«Зымырандардың көпшілігі әуе шабуылына қарсы қорғаныш жүйесі арқылы атылды, тек материалдық шығын келтірілді», делінген хабарламада.
Израиль Сириядағы нысандарға үнемі зымыран соққысын жасайды. Дамаск БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен көмек сұрап, Израильге қысым жасауды талап етіп бірнеше рет жүгінді. «Мұндай агрессивті әрекет бүкіл аймақтың тұрақтылығына қауіп төндіреді», деп санайды олар.
03 қыркүйек 2021 ж. 721 0