Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот сатушының құқығын қорғады

Сот сатушының құқығын қорғады

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен азаматша Р-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Р. азық-түлік дүкенінде сатушы болып тұрып, этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын алкоголь өнімін сағат 12-ге дейін сатқан деп, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.
ӘҚБтК-нің 33-бабының 2-бөлігінде, егер осы бөлімнің Ерекше бөлігінде көзделген іс-әрекетті (әрекетті не әрекетсіздікті) заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын орган, тұлға немесе дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларын орындайтын қызметкері жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа жататыны көзделген.
Алайда, азаматша Р. азық-түлік дүкенінде сатушы қызметін ғана атқаратындықтан, ол ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық субъектісі болып табылмайды.
Осыған орай, сот қаулысымен азаматша Р-ға қатысты қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс, оның әрекетінде құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.
Айта кету керек, жыл басынан бері аудандық сотта 51 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылып, жекеше қаулылар қабылданған.
Арал аудандық соты


29 шілде 2024 ж. 150 0