Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алкоголь өнімін сатқанда жауаптылықты естен шығарған

Алкоголь өнімін сатқанда жауаптылықты естен шығарған

Арал аудандық сотында азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының 3-бөлігінде мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзгендерге әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Сотта анықталғандай, азамат Т. азық-түлік дүкенінде сатушы болып тұрып, алкоголь өніміне жататын «MAXIMUS» алкогольдік ішімдігін сағат 21.00-ден кейін өткізген.
Сот отырысында Т-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Т. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 21 441 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
12 қыркүйек 2022 ж. 355 0