Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бақытты отбасы" жобасы аясында кездесу өтті

"Бақытты отбасы" жобасы аясында кездесу өтті

"AMANAT" партиясы "Қарақұм" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен "Бақытты отбасы" жобасы аясында ата-аналармен кездесу болып өтті.
“Отбасы — кішкентай бір мемлекеттік ұя”деп бекер айтылмаса керек. Әдетте, жақсылықтың бәрі отбасыдан басталады. Ана, бала тақырыбы – күнделікті тіршіліктің тірегі. Отбасы қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды бөлігі ретінде қоғамға қажетті көптеген міндеттерді орындай отырып, ел дамуында үлкен рөл атқарады. Сәби үшін ең жылы ұя — отбасы мейірімі.
Сондықтан, бақытты отбасы — барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.
Кездесу барысында ата- аналарға отбасы құндылықтары туралы түсіндірілді.
Жиын барысында ауылымыздың ақсақалы Оразалиев Сембек бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу және күнделікті өмірде қолдану бойынша өз ұсынысын білдірді.

#AMANAT
08 тамыз 2024 ж. 152 0