Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоқысты және құрғақ шөпті өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!

Қоқысты және құрғақ шөпті өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!

Аула учаскелерін жинастырған кезде ережелерді сақтамау, жол жиегіне тасталған түтіндеп жатқан темекі тұқылы, күн сәулесі үшін линза ретіндегі шыны сынығы-өртке себеп болатын қарапайым адами факторлар. Желді күндері осындай «ұсақ-түйектер» қасіретке айналуы мүмкін. От санаулы секундтар ішінде көрші учаскелерге ауысып, тұрғын үйлер мен басқа да құрлыстарды жоюға қабілетті.
Қайғылы жағдайларды болдырмау үшін қоқысты және құрғақ шөпті өртеу кезінде негізгі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.
-жазғы маусымда әрбір тұрғын үй ғимаратының жанында жиынтық су қоры кемінде 200литр сыйымдылық немесе өрт сөндіргіш болуы тиіс;
-жанғыш қалдықтардың қоқыстарын үйіп қоюға жол берілмейді;
-пайдаға асырылмайтын қалдықтар мен қоқыстарды тұрғын үй ғимараттары мен жатаханаларды, саяжайларда, бау-бақша серіктестіктерінің, гараждардың және ашық алаңдардың аумақтарында (қоқыс өткізгішпен жабдықталмаған) арнайы жабдықталған орындарда жабылатын қақпалары бар метал сыйымдықтар орнатылады. Сыйымдылықтар бетондалған немесе асфальтталған алаңдарда ғимараттар мен құрлыстардан кемінде 25 метр қашықтықта орнатылады;
-қоқыс және құрғақ шөпті өртеу орнын дұрыс таңдау және дайындау. Ол құрлыстардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасқан ашық алаң болуы керек. Жерде шұңқыр қазылады және сонда от жағылады. Өртеуге дайындалған қоқысты отқа біртіндеп салады. Қоқысты өртеуге ең ыңғайлы уақыт-ығалдылығы жоғары бұлтты күн. Кездейсоқ өрт шығу қауіпін тудыратындықтан қоқысты ыстық, құрғақ күні жаққан орынсыз.
Есіңізде болсын, Қазақыстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою қағидаларын бұзу, көрсетілген қалдықтарды жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау үшін әкімшілік жаза көзделген.

Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
09 тамыз 2024 ж. 108 0