Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктем кезінде өрт қауіпсіздігін сақтайық

Көктем кезінде өрт қауіпсіздігін сақтайық

Арал қаласы және елді мекендер аумағында қауіпті кезең басталады. Әр көктемде біздің ауданның табиғи байлықтарына үлкен қаупі төнеді, орманды дала өрттерінің орын алу қаупі болады. Көбінесе бұл адамның кінәсінен болады. Құрғақ шөпті, егістіктердегі сабақты рұқсатсыз жағу, бақша учаскелерін тазарту және қоқыс пен шөпті жағу. Сонымен қатар тұрғындар демалыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай, жаппай табиғатқа шыға бастайды. Осы кезеңдегі өрттердің көбі азаматтардың отпен абайсыз қарым-қатынасы мен балалардың тентектігіне байланысты болып отыр. Балаларға тиісті бақылаудың болмауы және ересектердің немқұрайлылығы – дәл осы факторлар үлкен қайғыға әкеледі. От түрлі құрылыстар мен көліктегі, саяжай мен бау-бақша үйлеріне тез тарай отырып, үлкен материалдық шығынға және адам өмірінің қауіпіне әкеледі.
Сонымен қатар от еліміздің ұлттық байлығы  – бірегей орман алқаптарына үлкен қауіп төндіреді. Табиғатты сақтау, сондай-ақ адамдардың өміріне қауіп төндірмеу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау қажет:
–тұрғын үйге және бау-бақша учаскелеріне іргелес аумақты құрғақ шөптен және қоқыстан алдын ала тазартыңыз;
–тұрғын үй құрылыстары аумағында, сондай-ақ орман алқаптарының жанында қоқыс төгуге жол бермеңіз;
–тұрғын үйлерде, саяжай учаскелерінде және орман алқаптарында қоқысты өртемеңіз;
–өрт қаупі бар кезеңде орманға шығуды шектеңіз, от жақпаңыз және ашық отты пайдаланбаңыз, бықсыған темекі тұқылын лақтырмаңыз;

Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
18 сәуір 2022 ж. 727 0