ХАБАРЛАНДЫРУ

- Бақылаусыз құрғақ шөптер мен қоқыстарды жақпау;
- Балаларға сіріңкемен ойнауға, құрғақ шөптерді өртеуге рұқсат бермеу;
- Оттың бір құрылыстан басқасына өтіп кетпеуі үшін, шаруашылық аулаларының, гараж кооперативтерінің аумақтарын құрғақ шөптерден және қоқыстардан тазарту;
- Жанған сіріңке мен темекі тұқылдарын лақтырмау;
- Күннің астында бөтелке немесе шыны сынықтарын қалдырмау.
- Құрғақ және желді ауа-райында от жақпау керек.
Егерде от қатты жанса, оны өз күшіңізбен сөндіре алмасаңыз, «101» немесе «112» телефондарына хабарласыңыздар.
Қызылорда облысы ТЖД
Зілзалалардың қауіп – қатерін
азайту және азаматтық қорғау
саласындағы бақылау басқармасы