Қоқысты және құрғақ шөпті өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз!

Қайғылы жағдайларды болдырмау үшін қоқысты және құрғақ шөпті өртеу кезінде негізгі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.
–жанғыш қалдықтардың қоқыстарын үйіп қоюға жол берілмейді;
–пайдаға асырылмайтын қалдықтар мен қоқыстарды тұрғын үй ғимараттары мен жатахқаналарда, саяжайларда, бау-бақша серіктестіктерінің, гараждардың және ашық алаңдардың аумақтарында (қоқыс өткізгішпен жабдықталмаған) арнайы жабдықталған орындарда жабылатын қақпалары бар метал сыйымдықтар орнатылады. Сыйымдылықтар бетондалған немесе асфальтталған алаңдарда ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 25 метр қашықтықта орнатылады;
–қоқыс және құрғақ шөпті өртеу орнын дұрыс таңдау және дайындау. Ол құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасқан ашық алаң болуы керек. Жерде шұңқыр қазылады және сонда от жағылады. Өртеуге дайындалған қоқысты отқа біртіндеп салады. Қоқысты өртеуге ең ыңғайлы уақыт-ығалдылығы жоғары бұлтты күн. Кездейсоқ өрт шығу қаупін тудыратындықтан қоқысты ыстық, құрғақ күні жаққан орынсыз.
Есіңізде болсын, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 336-бабына сәйкес өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою қағидаларын бұзу, көрсетілген қалдықтарды жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау бойынша он айлық есептік көрсеткіште әкімшілік жаза көзделген.
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Сурет: gov.kz