56 жыл соққан сағат

Ал менің айтар мына бір ақиқатыма бәлкім сенбеулеріңіз де мүмкін. Себебі жарты ғасырдан астам уақыт бойы тоқтаусыз "жүрегі соғып тұрған" сағат жайында естігенде біздің де сенгіміз келмеді. Алайда дәл солай болып шықты. Бүгінде біз әңгіме етіп отырған қол сағатты сағаттың иесінің келіні қолынан тастамай тағып жүр. Бұл сағаттың тарихы жайлы да сол келіні Ақгүл Жақсылықова айтып берген болатын.
– Марқұм енем көзі тірісінде осы сағат жайында сөз ететін. Олай айтуына да себеп бар. Үстіміздегі баспанамыз жайлы сөз қозғала қалса "Әкелерің маған алтын сағат сыйлаған еді. Сол сағатты осы үйді салып жатқанда жоғалтып алғанмын. Төбе жапқанда ма, әлде қабырғасын өргенде ме, есімде жоқ, әйтеуір сағатты таппай қалдым" дейтін. Сол сағатта арада 56 жыл өткенде тауып алдық, – дейді.
Иә, жаңа баспана тұрғызбақ ниетте қазіргі баспанасын бұзған уақытта дәл сол сағат табылады. Бір қызығы, сол 56 жыл бұрын табылмай кеткен қолсағаттың тілі әлі күнге дейін тоқтамаған.
Міне, осындай да қызықты жолықтыруға болады. Бастысы өнім шығарушылар сапаны ойласа болды. Біз ел естімеген дүниелерді естуге, жазуға дайынбыз.
О. ЖОЛДАСОВ