Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіпсіздік қаперде болу қажет

Қауіпсіздік қаперде болу қажет

Өрт – тілсіз жау. Айтпай келетін қатердің бірі деп таныған өрттің қаупін осыдан-ақ байқауға болады. Сондықтан барынша абай болған абзал. Себебі біз елемейтін қарапайым ғана жауапсыздықтан көптеген нәрсе, тіпіті адамзат та зардап шегуі мүмкін.
Мәселен аула учаскелерін жинастырған кезде қауіпсіздікті сақтамау, жол жиегіне тасталған темекі тұқылы, керек десеңіз шыны сынығының өзі алапат өртке ұшыратуы мүмкін. Қас пен көздің арасында тұтанып, ауыздықтауға келмейтін өрттен қайғылы жағдайлар орын алып жатқанын естіп жүрміз. Салғырттықты кешірмейтін сол қатердің алдын алу үшін жазғы маусымда әрбір тұрғын үй ғимаратының жанында кемінде 200 литр сыйымдылықты құрайтын су қоры немесе өрт сөндіргіш құралы болуы тиіс. Сондай-ақ жанғыш қалдықтардың қоқыстарын үйіп қоюға болмайды. Пайдаға асырылмайтын қалдықтар мен қоқыстарды тұрғын үй ғимараттары мен жатаханаларды, саяжайларда, бау-бақша серіктестіктерінің, гараждардың және ашық алаңдардың аумақтарында (қоқыс өткізгішпен жабдықталмаған) арнайы жабдықталған орындарда жабылатын қақпалары бар метал сыйымдықтар орнатылады. Сыйымдылықтар бетондалған немесе асфальтталған алаңдарда ғимараттар мен құрлыстардан кемінде 25 метр қашықтықта болу қажет.
Қоқыс және құрғақ шөпті өртеу орнын дұрыс таңдау және дайындау. Ол құрлыстардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасқан ашық алаң болуы керек. Жерде шұңқыр қазылады және сонда от жағылады. Өртеуге дайындалған қоқысты отқа біртіндеп салады. Қоқысты өртеуге ең ыңғайлы уақыт-ығалдылығы жоғары бұлтты күн. Кездейсоқ өрт шығу қауіпін тудыратындықтан қоқысты ыстық, құрғақ күні жаққан орынсыз.
Есіңізде болсын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою қағидаларын бұзу, көрсетілген қалдықтарды жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау үшін әкімшілік жаза көзделген.
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Сурет: stan.kz
12 тамыз 2024 ж. 140 0