18 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктер ертең, 18 тамызда еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауатынын және екпіні күшті жел соғатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысына, солтүстігіне бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Астанада күндіз найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында – 15-20, екпіні – 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 18 тамызда облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда – 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. 18 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні – 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде күші – 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні – 15-20, кей уақытта 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батыс бағытка ауысады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, күндіз солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші – 15- 20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Шымкентте найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Сурет: ашы дереккөз