Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас мұғалімдер жұмысқа қалай тұра алады

Жас мұғалімдер жұмысқа қалай тұра алады

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева жас мұғалімдер жұмысқа қалай тұра алатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жас мұғалімдердің жұмысқа тұра алмайтыны туралы мәселе үнемі көтеріледі. Бұл бекер әңгіме. Өйткені бұрын «жұмыс өтілі» деген критерий болатын. Қазір ол критерийді жас мұғалімдерге кері әсерін тигізеді деп алып тастады. Сондықтан әр мұғалім өзінің жеке басының жетістігіне қарай, мысалы, дипломыңыз көк пе, қызыл ма, колледж бітірдің бе, университет бітірдің бе, магистрсың ба... Міне тек оқу туралы құжаттардың арқасында ғана балдың басым бөлігін жинауға болады, - деп айтты ол.

Шәмшиева өз сөзінде еліміздегі барлық мектепке жұмысқа қабылдау тәртібі бірдей екенін еске салды. Бұл - еліміздегі жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін қабылданып жатқан іс-шаралардың бірі.

Сурет: baq.kz
19 тамыз 2024 ж. 213 0