Қашан жастар ақша бермей жұмысқа тұра алады – мұғалім министрден ашық сұрады

Бұл Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа Астанада өткен ауыл мектептеріндегі педагогтердің республикалық форумында айтылған. Журналистер кейін Бейсембаевқа осы сұрақ жөнінде пікірін білді.
– Әріптесіміздің қойған сұрағы қай мектепте, қай ауданда болғаны нақты айтылған жоқ. Облысты бірден қаралауға болмайды ғой. Бұл сұрақты сол себепті көпшіліктің алдында қаужағаным жоқ. Жалпы ол ақпараттың себебін анықтаймыз. Ақпарат нақты болса, тексеру қиындық туғызбайды деп ойлаймын, – дейді ол.
Министр өз ведомствосы антикормен бірлесіп, тығыз жұмыс атқарып жатқанын, соның арқасында 15 млрд теңгеден артық сома жымқырылғаны анықталғанын айтады.
Жалпы Қазақстанның өңірлерінде мектептегі жемқорлық жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында жиі жазылып тұрады.
Сурет: qaz.ulysmedia.kz