Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Менің ғана заттарым тұрады": Алтынай Жорабаеваға жолдасы жаңа пәтер сыйлады

"Менің ғана заттарым тұрады": Алтынай Жорабаеваға жолдасы жаңа пәтер сыйлады

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева су жаңа пәтерлі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі төрт бөлмелі пәтерді күйеуінің сыйлағанын айтты.

“Миым айналып отыр. Әлішер екеумізге көрші пәтерді сатып алды. Енді ол пәтерде асхана да, ештеңе болмайды. Көбіне менің киімдерім, гардероб болады деп отырмыз. Төрт бөлмелі, 180 шаршы метр. Біздің жеке жатын бөлмеміз де сонда болады. Қазір жөндеу жұмыстарын бастадық. Бәрін өзгертіп, әдемілеп жасап аламыз», – деді әнші.

Еске салайық, өнер иесі қаңтар айында бесінші қызын дүниеге әкелген еді.

“13 жыл бұрын Көркемімді босанған едім. Әминамен бірінші рет босанған сияқты болып жүрмін. Барлығын басынан бастап үйреніп жатырмын. Негізі мен мүлдем шай ішпейтін адаммын. Дәл қазір сүтті шай ішіп, терлеп отырмын. Жаңадан босанған әйелге сүт болсын деп “қалжа сорпа”, “быламық” беруші еді. Сол быламықты ішсем бе деп отырмын”, – деген еді көпбалалы жұлдызды ана.

Сурет: ашық дереккөз 
26 тамыз 2024 ж. 127 0