Halyk Bank алаяқтарға алданбаудың жолдарын айтып берді

Банк өкілдері ақшаңыз бен деректеріңіздіқорғау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауғакеңес береді:
• Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз және картадеректемелерін ол жерде көрсетпеңіз.
• Әрқашан деректеріңізді қайда енгізгеніңіздітексеріңіз!
• Ешкімге, сондай-ақ, банк қызметкерлерінекартаның нөмірін, оның жарамдылық мерзімін(картаның алдыңғы жағы) және үш таңбалыCVV/CVC кодын (картаның артқы жағы)айтпаңыз.
• Картаның нөмірін, оның жарамдылық мерзімін, үш таңбалы CVV/CVC кодын, сондай-ақ «ұтысойындары« және «ақша үшін сауалнамалар» жүргізетін сайттардағы SMS-хабарламаларданкелген кодты енгізбеңіз.
• Егер сіз қандай да бір тауарды күтсеңіз, абайболыңыз! Алаяқтар клиенттерді алдау үшінжалған жеткізу қызметтерінің веб-сайттарыноңай жасай алады.
• Интернет операциялар үшін қосымша картаныпайдаланыңыз. Қаражаттың шектеулі мөлшерінсақтай алатын сандық картаны рәсімдеудіұсынамыз. Бұл онлайн сатып алу кезіндетәуекелдерді азайтуға және негізгіжинақтарыңызды қорғауға көмектеседі.
• Halyk қосымшасы арқылы интернетоперацияларға тыйым салыңыз. Бұл өз кезегінде тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.
Сондай-ақ, Halyk өкілдері мұндай алаяқтықәрекеттер 190-бап («Алаяқтық»), 195-бап («Алдаунемесе сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік зиянкелтіру») және 247-бап («Заңсыз сыйақы алу»)бойынша тиісті жазалармен қылмыстықжауапкершілікке тартылатынын еске салады.
Halyk әрқашан алаяқтықпен күресудің жолдарын жүзеге асыра отырып, барлық қажетті күштердісалып жатыр. Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтуге болады – https://halykbank.kz/security. Сондай-ақ, шотыңызда күдікті әрекет байқалған жағдайда 7111нөмірі бойынша банктің колл-орталығынахабарласуыңызды сұраймыз.
Ақпарат көзі: ttjk.info
Сурет: adyrna.kz