Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 қыркүйектен бастап не өзгереді

1 қыркүйектен бастап не өзгереді

1 қыркүйектен бастап қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр? BAQ.KZ тілшісінің шолуына назар аударайық.


Білім күні
1 қыркүйек – елімізде Білім күні. Бұл күні 7,9 мың білім ұйымында 3,9 млн бала мектепке барады. Оның шамамен 360 мыңы – бірінші сынып оқушысы.
Тегін тамақ беріледі
1,7 млн қазақстандық оқушы тегін тамақтанумен қамтылады.
Жаңа оқу жылында барлығы 7,9 мың білім беру ұйымында 3,9 млн оқушы білім алады. Оның ішінде 360 мың бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды.
1 қыркүйектен бастап 1,7 млн қазақстандық оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады. Олардың қатарында 1-4 сынып оқушылары және әлеуметтік осал топ санатындағы отбасы балалары бар.
Несие алғың келсе, жарыңнан рұқсат ал
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларын, жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит алуға жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» агенттік басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы №55 қаулысын қабылдады.
Қаулыда жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшері 1000 АЕК мөлшерінде (2024 жылы 3 692 000 теңге) бекітілді.
Банктік қарыз немесе микрокредит шартына қол қоймас бұрын банк немесе МҚҰ клиенттің тіркелген некесінің (ерлі-зайыптылығының) болуы туралы ақпаратты Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы тексереді. Ақпарат расталған жағдайда және егер кредит сомасы белгіленген шектен асып кетсе, кредитор жұбайының (зайыбының) банктік қарыз немесе микрокредит беруге келісімін алуға міндетті.
Түзету болашақта отбасының жалпы бюджетіне теріс әсер етуі мүмкін, ерлі-зайыптылардың біреуінің келісілмеген кредит алуын болдырмауға бағытталған.
Сондай-ақ, заңда қарыз алушының жұбайының (зайыбының) келісімінсіз берілген қарызды кредит берушінің есептен шығару міндеті көзделеді.
Түзетулер 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Түркі жұртына танымал Көшпенділер ойындары Қазақстанда
Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында 21 спорт түрінен өтеді. Оның тең жартысы - қазақтың ұлттық ойындары.
Сонымен қатар спорттың 10 түрі арнайы таныстырылым ретінде көрсетіледі.
Ойындарды өтізуге арнайы жаңадан ғимараттар салынбайды.
8 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында бәсекенің ашылу салтанаты өтеді. Ал Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы мен «Алау» мұз сарайында ұлттық күрес түрлерінен жарыстар, этноауыл аумағында – ат жарысы, дәстүрлі садақ ату және саятшылық өнер жарыстары, «Думан» кешенінде – дәстүрлі интеллектуалды ойындар өтеді деп жоспарланған. «Думан» кешенінде дәстүрлі зияткерлік ойындар бойынша жарыстар өткізіледі.
«Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде ойынның аккредиттеу және жабдықтау орталықтары орналасады. Ойынның жабылу салтанаты 13 қыркүйек күні «Қазанат» ипподромында өтеді. Қазіргі уақытта «Қазанат» ипподромында қайта жөндеу жұмысстары, «Астана Арена» стадионы мен «Алау» мұз сарайында арнайы құрылыс жұмыстары жүргізліп жатыр.
Стипендия өседі
1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді.
Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50%-ға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайтын болады.

Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20%-ға артып47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды.

Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленетін болады.

Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15%-ға ұлғайтылады, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңгені және 240 000 теңгені құрайды.

Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қыркүйекте шәкіртақы бакалавриат студенттеріне 20%-ға, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға көбейетін болады.

Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап стипендияны көбейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Соның нәтижесінде 2025 жылға қарай ЖОО мен колледж студенттерінің стипендиясы екі есеге, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есеге өседі.
"Цифрлық мұғалім"
"Цифрлық мұғалім" жобасы республика бойынша 2000-ға жуық оқушыны қамтиды.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, "Цифрлық мұғалім" жобасы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған.
Бұл жоба президенттің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына жолдауы негізінде жасалған.
Білім беру ұйымдарында 2024 жылдың қыркүйегінде "Цифрлық мұғалім" жаңа жобасы басталады. Бұл жоба аясында әлеуметтік осал топтардан шыққан оқушыларға қорытынды емтихандарға дайындалуда қолдау көрсетіледі. Оқушыларға цифрлық оқу материалдары мен қосымша сабақтар қолжетімді болады.
Айта кетейік, "Цифрлық мұғалім" жобасы осал отбасылардан шыққан балаларға арналған. Жоба бойынша ел аумағында 2000-ға жуық оқушы қамтылады.
Вакцина салынады
1 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация салынады.
Медициналық ұйымдардың кіреберісінде «сүзгі» болуы керек. Мамандар бетперде тағуы тиіс және мекемеде антисептик болуы қажет.
Бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдерге қызмет бірінші кезекте көрсетіледі. Яғни, олар үйлеріне жедел жәрдемді шақырса мамандар бірінші соларға баруы керек.
Көрші Ресей, Еуропа мемлекеттерінде коронавирустық сырқаттың өршуін біз байқап жатырмыз. Қазақстанда да осы шілде айында маусым айымен салыстырғанда біршама коронавирустық инфекцияның өршуін байқап отырмыз. Бұл қаулының негізгі мақсаты - денсаулық сақтау ұйымдарын эпидемиологиялық маусымда болатын тұмау, ОРВИ, ковидтің өршуіне дайындалу, - деді Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жұмысын бастайды
2024 жылғы 6 тамызда ҚР Үкіметінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетін және оның аумақтық департаменттерін құру туралы қаулысы қабылданғанын баяндады.
Комитет пен оның аумақтық департаменттерін құру, штаттарды жасақтау жұмыстары тамыз айында аяқталады. 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары штаттық режимде жұмыс істейді. Тамыз айының соңына дейін Комитет пен жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті заңдық және техникалық рәсімдерді аяқтайтын болады. Бұл еңбек заңнамасының сақталуына және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Маска тағу міндеттеледі
15 қыркүйектен бастап дәрігерлерге маска тағу міндеттелді.
Қазақстанда бас санитарлық дәрігердің міндетін атқарушы Нұрқан Сәдуақасов ауруханалардағы медицина қызметкерлеріне маска кию режимін қайтару туралы қаулы шығарды.
Құжатқа сәйкес, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қыркүйектің 1-інен бастап медициналық ұйымдарды тұмауға қарсы екпеге дайындау керек. Медицина қызметкерлеріне мынадай міндеттер жүктелді:
  • Белгіленген мерзімде вакцинациялауға құқығы бар адамдардың тізімін жасау;
  • Вакцинаны сақтау және тасымалдау нормаларын ұстану;
Егу кабинеттері мен бригадаларын екпеге дайындау және асқынған кезде шұғыл көмек көрсету.
Сондай-ақ 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе басталған соң дәрігерлер маска киіп жүруге міндетті. Олар мекемелерде эпидемиялық маусым (тұмау, ЖРВИ және COVID-19) кезінде науқастарын қабылдауға дайын болу керек.

Сурет: baq.kz
29 тамыз 2024 ж. 165 0