Жаңақорғанда 200 млн теңгені жымқырған мектеп бухгалтерлеріне үкім шықты

Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз ақша аударылғанын дәлелдеді.
Қылмыстық іс бойынша негізгі айыпталушылар бас бостандығынан айырылса, қалған 7 сыбайлас бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, шартты мерзімге сотталды. Келген шығын ішінара өтелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кету керек, бұған дейін прокурорлар сол аудандағы мектептердің есепшілері мектепте жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз ақша аударып, жымқырғанын анықтаған болатын.
Бұл қылмыстық істер бойынша айыптау үкімі шықты.
Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz
Фото: kaz.zakon.kz