Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мас жүргізуші көлік басқару құқығынан біржола айырылды

Мас жүргізуші көлік басқару құқығынан біржола айырылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен азамат К-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта мас күйінде көлік тізгіндегендігіне қатысты қылмыстық іс қарастырылды. Бұл туралы Арал аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлайды. 
Сотталушы К. бұған дейін масаң күйде көлік тізгіндегені үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына. Бірақ соған қарамастан қателікті қайта жасаған. Ол үстіміздегі жылдың 28 қазанында «ВАЗ – 21102» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып келе жатып, полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.
Сотталушының бұл қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлел ретінде тіркелді.
Сот үкімімен К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Ескере кету керек, үкім заңды күшіне енбеген.
25 қараша 2022 ж. 453 0