Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мас жүргізуші көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылды

Мас жүргізуші көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен азамат Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы Е. бұған дейін масаң күйде көлік тізгіндегені үшін 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, 2020 жылғы 3 шілдеде «SUBARU FORESTER» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып келе жатып, полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.
Сотталушының бұл қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен Е. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
04 тамыз 2020 ж. 483 0