Мас жүргізуші қоғамдық жұмысқа тартылды
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен азамат Ж-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.
Сотталушы Ж. 24.05.2017 жылғы Арал аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылған. Алайда ол, осыған қарамай, 24 сәуір 2019 жылы «Урал ИМЗ» маркалы мотокөлігін алкогольдік масаю күйінде басқарып келе жатып, жол-полиция қызметкерлеріне ұсталған.
Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, сотта іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Нәтижесінде, сот үкімімен сотталушы Ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.