Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС бойынша референдум: Сайлау учаскелері туралы қайдан білуге болады

АЭС бойынша референдум: Сайлау учаскелері туралы қайдан білуге болады

6 қазанда Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Елорда әкімдігі Астана тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы қайдан біле алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігі Астана тұрғындары өздерінің сайлау учаскелері туралы ақпаратты бірнеше көздер арқылы ала алатын хабарлады.

Астана әкімдігі өз сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді. Оны мына жолдармен жасауға болады:

Ресми веб-қызметте: https://referendum.astana.kz/
Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot
IKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 телефоны бойынша.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы» Жарлыққа қол қойған еді.


Фото: ашық дереккөз 
06 қыркүйек 2024 ж. 131 0