АЭС – технологиялардың қауіпсіздігі мен артықшылығы

Кездесу барысында салудың маңыздылығы мен артықшылықтары, экономикаға тигізер оң әсері оның ел экономикасы мен экологиясына тигізетін ықпалы талқыланды. Сондай-ақ, АЭС құрылысының өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуге қалай әсер ететіні кеңінен түсіндірілді.
Сала қызметкерлері атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін, бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, болашақта энергия тапшылығын болдырмайтын маңызды жоба екенін айтып, Президент Жолдауында айтылған бастаманы бір ауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.
