Ауданда кенеге қарсы күзгі залалсыздандыру жұмысының жүргізілу барысы

Ауданда кенеге қарсы заласыздандыру жұмыстары 13.08.2024 жылдан басталып, 30.08.2024ж. аяқталды. Залалсыздандыру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілді.

Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігін анықтау мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының аяқталғанына 5 күн өткен 11 елді мекенде малдар мен мал қоралар кенеге қаралып, кене анықталған жоқ, залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігі 100 пайыз құрады. Сонымен қатар "ҰСО" Қызылорда облысы филиалының зоологиялық тобының елді мекендер айналасына 300 метр радиустегі қорғаныс аймағына жасаған залалсыздандыру жұмыстарының барысы қаралды, қорғаныс аймағы толық кестеге сәйкес жасалды.

Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы