Арал ауданындағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу жұмысының барысы

КҚГҚ ауруынан қолайсыз 18 елді мекенде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының екінші кезеңі 14.09.2023 жылы аяқталды. "Ұлттық сараптама орталығы" Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімшесінің мамандарымен 18 елді мекенде күзгі залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігі қаралып, тиімділігі 100 пайыз құрады.
"Ұлттық сараптама орталығы" Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімшесінің мамандарымен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан қолайсыз 18 елді мекендегі малдардан, мал қоралардан күзгі кенелерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының алдында кенелер жинау барысында Арал ауданы №86 "Жалғызағым" бекетінің тұрғынының малының, Сексеуіл кентінің тұрғынының малынан жиналған кенелерден Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына "оң" нәтижелі кенелер анықталып, соған байланысты аудан әкімінің орынбасары мен Сексеуіл кенті әкіміне КҚГҚ ауруына "оң" нәтижелі кенелер анықталған мал иелерінің малдарына, мал қораларына нүктелік кенеге қарсы өңдеу шарасын жүргізу жөнінде қатынас хат жолданып, хабарланды. "Дезинфекция и К" ЖШС-мен КҚГҚ ауруына "оң" нәтижелі кенелер анықталған мал иелерінің малдарына, мал қораларына нүктелік кенеге қарсы өңдеу шарасы жүргізіліп, жүргізілу сапасы жұмыс тобының мүшелерімен қадағаланды.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы