Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі?

Келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі?

Келесі жылы да су шаруашылығы мамандарының жалақысы өседі. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қарағанды облысына ресми іс-сапары барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Биыл "Қазсушар" қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25 пайызға өсті. Еңбекақысы тариф есебінен төленетіндердің де, республикалық бюджеттен алатындардың да айлығы көтерілді. Келесі жылы да біз су саласындағы мамандардың еңбекақысын көтеру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандардың еңбегі лайықты түрде бағалануға тиіс", – деді министр.

"Қазақстанда 1 миллион 800 адам ең төменгі жалақы, яғни 85 мың теңге алып жүр. Оның ішінде шамамен 361 мыңы – азаматтық жұмысшылар", – деді Светлана Жақыпова.

Сурет: ашық дереккөзден 
27 қыркүйек 2024 ж. 79 0