Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот жаңа бап бойынша үкім шығарды

Сот жаңа бап бойынша үкім шығарды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 108-1-бабының 1-бөлігімен айыпталған Т-ның қылмыстық теріс қылық туралы ісі қаралып, айыптау үкімі шығарылды.
Сотта анықталғандай, Т. үйінің жанында орналасқан дүкенге масаң күйде келіп, туған қарындасы К-ға себепсіз жанжал шығарып, тиісіп, басынан алақанымен ұрып, қолын тартып, қысып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.
Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті өзінің жауабымен, жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындысымен, сотта зерттелген бейнежазбамен және іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.
Сот үкімімен Т. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 108-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған.
Айта кету керек, бұған дейін денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру әрекеттері үшін әкімшілік жаза көздеген ӘҚБтК-нің 73-1 бабы, әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылып, Қылмыстық кодексіне 108-1-бап болып толықтырылған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Арал аудандық соты
07 қазан 2024 ж. 148 0